jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда қыз алып қашқандарды бас бостандығынан айыру ұсынылды

Қылмыстық іс құжаттары
Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбенов заңнамаға енгізілуі мүмкін өзгертулер туралы айтты. Оған сәйкес қыз алып қашуға қылмыстық жаза қарастырылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен түзету енгізуге ұсыныс жасадым, ол қазір Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының қарауында.

Жауапкершіліктің бірнеше түрі қарастырылған, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік – бас бостандығынан айыру, айыппұл, қоғамдық жұмыстар. Мұның бәрі жағдайға байланысты. Бір топ адам жасаса, кәмелетке толмаған адамға қарсы жасалса, қандай да бір зиян келтірілсе, т.б. заң жәбірленуші жағында болуы керек", - деді депутат.

Депутаттың айтуынша, қыз алып қашуға ұсынылып отырған жаза – қызды еркінен тыс ұстаған, сондай-ақ психологиялық және физикалық қысым көрсеткен жағдайда 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Еске сала кетейік, былтыр мәжіліс отырысында депутаттар "Мәдениет туралы" заңды қарастыру аясында қыз алып қашу мәселесін көтерген болатын. Депутат Мұрат Әбенов қазір қыз алып қашу теледидарда, әлеуметтік желілерде, тіпті, ән мәтіндерінде барынша насихатталып жүргенін, бірақ оған мәдениет саласы көз жұмып отырғанын айтты.

Қазақстанда қыз алып қашқандарды бас бостандығынан айыру ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.