jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ұлыбританияда еңбек ететін қазақстандықтардың құқығын қорғауға қатысты меморандумға қол қойылды

Лондон
Лондон. Фото: pixabay.com

Қазақстанның Еңбек министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Еңбектегі қанау мен заңнаманы бұзуға қарсы іс-қимыл қызметі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжат тараптардың еңбек көші-қоны саласындағы өзара іс-қимылын реттейді.

Меморандумға Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Ұлыбританияның Еуропа, Солтүстік Америка және шет елдер істері жөніндегі мемлекеттік министрі Стивен Даути қол қойған.

Құжат бойынша екі ел:

  • Ұлыбритания аумағында Қазақстан азаматтарын уақытша жұмысқа орналастыру шарттары мен рәсімдері туралы ақпарат алмасуға;
  • Қазақстан Республикасынан еңбек қызметі үшін Ұлыбританияға жұмыскерлерді жіберетін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметі туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес олардың қызметін растауға;
  • Қазақстан азаматтарының Ұлыбритания аумағындағы еңбек қызметі кезеңінде, оның ішінде Тier-5 маусымдық жұмыс визасы (seasonal worker visa) шеңберінде еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған өзара ынтымақтастыққа;
  • сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары және Қазақстан азаматтарының қажетті кәсіптік даярлығы туралы ақпарат алмасуға келісті.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, осы меморандумға қол қою Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болып есептеледі.

Ұлыбританияда еңбек ететін қазақстандықтардың құқығын қорғауға қатысты меморандумға қол қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.