jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Павлодарда колония бастығының орынбасары ұсталғаны рас па: ҚАЖД өкілдері пікір білдірді

Түрме
Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Желіде Павлодар облысында колония бастығының орынбасары ұсталды деген ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық ҚАЖД өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram желісіндегі ZTB NEWS арнасының хабарлауынша, Павлодар облысында прокуратура қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен колония бастығының орынбасарын ұстады. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сондай-ақ хабарламада Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері тәртіп басқармасының бастығын ұстағаны айтылады.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті NUR.KZ тілшісіне осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Істің мән-жайы анықталып жатыр, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды", - деп жауап берді департамент өкілі.

Павлодарда колония бастығының орынбасары ұсталғаны рас па: ҚАЖД өкілдері пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.