RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Ұлытау облысында 1952 жылы салынған ірі су қоймасы мемлекет меншігіне өтті

Жарияланған күні:

Кеңгір су қоймасы
Кеңгір су қоймасы. Фото: t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi

Прокурордың актісі бойынша Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлытау облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Ұлытау облысының игіліктерінің бірі, сондай-ақ энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі Кеңгір су қоймасы болып табылады.

Су қоймасы 1952 жылы салынған (319 миллион шаршы метр) және оның гидротехникалық құрылыстары стратегиялық объектілер катарында, демек мемлекет меншігінде болуға тиіс.

Өз кезінде бұл объектілер қала құраушы кәсіпорын Kazakhmys Distribution ЖШС балансына берілген.

Мүлікті қайтару үшін облыс прокуратурасы су ресурстары министрінің атына ұсыну енгізген.

Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылған.

Енді уәкілетті органдар оларды жаңғырту жөнінде одан әрі шаралар қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көп факторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқу корпустары мен стадионын қайтарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2222630-ulytau-oblysynda-1952-zhyly-salyngan-iri-su-qoimasy-memleket-menshigine-otti/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif