jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

16 жылдан кейінгі кездесу: ұзақ уақыт жиенін іздеген әйел онымен Ақтауда қауышты (видео)

Нағашы әпкесі мен жиені кездескен сәт
Нағашы әпкесі мен жиені кездескен сәт. Видеодан кадр : lada.kz

Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімінде 16 жылдан кейін нағашы әпкесі мен жиені қауышты. Бұл кездесудің әсерлі болғаны соншалық, көзге жас алмау мүмкін емес, деп хабарлайды Otpannews.kz әскери ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бірнеше ай бұрын Ақтау гарнизонына Эльвира есімді әйел хабарласып, көп жыл бұрын байланысы үзілген жиенін табуға көмек сұрап жүгінген.

16 жыл бұрын Эльвираның туған әпкесі қайғылы жағдайдан көз жұмғаннан кейін, артында екі жасар ұлы қалған. Баланы әкесі өзімен бірге Қазақстанға алып кетіп, көп ұзамай шаңырақ құрған. Содан бері бүлдіршіннің тәрбиесін атасы мен әжесі өз мойнына алған.

Эльвира ұзақ уақыт жиенін іздегенімен, барлығы нәтижесіз болған. Бірде ол жиенінің Маңғыстау облысында әскери борышын өтеп жүргенін естиді. Осы жаңалықты ести сала, Эльвира Маңғыстау облысы бойынша сарбаздардың аналары комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаеваға хабарласқан. Гүлмира бірден іске кірісіп, қажетті мәліметтерді жинай бастайды.

Іздеу кезінде Эльвираның жиені Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімінде қызмет етіп жүргені анықталды. Бөлім командирі, тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, психолог, сондай-ақ аналар комитетінің өкілдері жігітпен тығыз жұмыс істеп, оны туған нағашы әпкесімен кездесуге моральдық, психологиялық жағынан дайындаған. Сол аралықта Эльвира жиенімен телефон арқылы хабарласып, әрбір әңгімелесу оларды көптен күткен кездесуге жақындата түскен.

"Біз осы кездесуді ұйымдастыруға атсалысқан барлық жанға шексіз алғыс айтамыз. Әсіресе, 25744 әскери бөлімінің командирі, гвардия полковнигі Азамат Сүлейменовке, тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, гвардия майоры Амангелді Рахымғалиевке, офицер-психолог, гвардия капитаны Әділет Бейсеубаевқа және Гүлмира Жанысбаеваға зор алғыс айтамыз. Олардың еңбегі мен қамқорлығына ризамыз, бас иеміз", - деді Эльвира.

16 жылдан кейінгі кездесу: ұзақ уақыт жиенін іздеген әйел онымен Ақтауда қауышты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.