RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Күн сәулесі бірінші боп түсіп, мешітінде елдегі ең алғашқы азан оқылатын Қазақстандағы ауылдан бір күн

Жарияланған күні:

Аршаты
Аршаты. Кадр: Instagram / yernar.almabek

Отандық фотограф Ернар Алмабек Қазақстанның ең шығысында, Алтайдың аясында, бұқтырманың жағасында жатқан Аршаты ауылында болып, ертегі әлемінен кем түспейтін тамаша табиғатқа ие ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ фотографтың желі парақшасына сілтеме жасап.

"Еліміздегі ең алғашқы азан осы ауылдың мешітінде шақырылады. Мұнда Күн сәулесі бірінші боп түседі. Судың бастауы да осында. Бұл ауылдан тұрып қарасаң, бүкіл Қазақстан батыс боп саналады.

Аршаты
Аршаты. Кадр: Instagram / yernar.almabek

Қиыр шығыста жатқан Аршатымен таныс болыңыздар! Қазақстан Аршатыдан басталады!", - деп жазған фотограф Instagram желісіндегі парақшасында ауылдың видеосын бөлісті.

Аршаты
Аршаты. Кадр: Instagram / yernar.almabek

Аршаты ауылы үш бірдей мемлекетке — Ресей, Моңғолия мен Қытайға шекаралас орналасқан. "Судың мөлдірін біз ішеміз, күннің шыққанын біз бірінші көреміз" дейді аршатылықтар фотографқа.

Аршаты
Аршаты. Кадр: Instagram / yernar.almabek

Ернар Алмабектің айтуынша, алыстығына қарамастан, бұл ауылда ұялы байланыс жақсы ұстап тұр. Бірақ Шығыстың басқа ауылдары сияқты бұл жақта да газ жоқ. Көмір қымбат. Десе де орман алыс емес. Тұрғындар отын жинап жағады.

Аршаты
Аршаты. Кадр: Instagram / yernar.almabek

"Мұнда тұратындардың барлығы таза қазақ. Бұрын орыстар болған, бірақ олар көшіп кетті. Тұрғындар өлім болғанда, той болғанда бәрін атқарып, бір-біріне болысып жүреді. Бізде жұмыс жоқ, сол қиындау", - дейді тұрғындардың бірі фотографқа.

Аршаты
Аршаты тұрғыны. Кадр: Instagram / yernar.almabek

Аршаты Қатонқарағай ұлттық паркінің шекарасына кіреді. Ауылда аңның түр-түрі мекен етеді. Қасқыр, аю, барыстар тым жақын келетін кездер де болады екен.

Аршаты
Аршаты. Кадр: Instagram / yernar.almabek

"Жергілікті жұрт орман шаруашылығының қызметкерлеріне "барыс баққан батырлар" деп лақап ат қойыпты. Бұл сөз де негізсіз емес, өйткені орманшылар расында күні-түні тау кезіп, фототұзақ құрып, аңдарды қаскөйлерден қорғаумен жүреді. Олар құрған фототұзақтың бірін бірге барып тексеріп қайтайық дедік", - дейді Ернар.

Аршаты
Аршаты қызметкерлері. Кадр: Instagram / yernar.almabek

Жол бойы ну орман мен көздің жауын алар табиғатқа тамсанған фотограф әр тұсқа үйілген төмпешіктерге назар аударып, жол бастап келе жатқан қызметкерден мұның не екенін сұрайды.

Аршаты
Аршатыдағы құмырсқа илеуі. Кадр: Instagram / yernar.almabek

Қызметкердің сөзіне сенсек, бұл — құмырсқа илеуі. Үлкендігіне таң болған қонақтар илеудің қасында жиі фотоға түседі екен. Қызметкерлер жылда жоспар бойынша бес құмырсқа илеуін қоршап отыратынын айтты.

Аршаты
Аршаты. Кадр: Instagram / yernar.almabek

Фототұзаққа осы жолы қабандар түскен екен. Одан бөлек орманшылар фотографқа бұған дейін түскен барыстың, аюдың видеоларын көрсетті.

Аршаты
Аршаты. Кадр: Instagram / yernar.almabek

Кешке қарай ауылды атшанаға отырып аралаған фотограф, өзін сол сәтте ерекше бақытты сезінгенін, аршатылықтар керемет жерде тұрып жатқанына көзі жеткенін жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2223659-kun-saulesi-birinshi-bop-tusip-meshitinde-eldegi-eng-algashqy-azan-oqylatyn-qazaqstandagy-auyldan-bir-kun-foto-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif