RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Арасында ерекше сорттар бар": Ахмет Ясауи университетінің ботаникалық бағында қызғалдақтар гүлдеді

Жарияланған күні:

Қызғалдақтар ортасында тұрған ару
Қызғалдақтар ортасында тұрған ару. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Түркістандағы Ахмет Ясауи университетінің ботаникалық бағында қызғалдақтар гүлдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Ахмет Ясауи университетінің "Ботаникалық бақ" ғылыми-зерттеу институтында көктемнің жаршысы, табиғаттың нәзік сыйы – қызғалдақ гүлдері бүр жарып, көркем келбетімен көз қуанта бастаған.

қызғалдақтар
Қызғалдақтар. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Белгілі болғандай, университет ғалымдары бірнеше жылдан бері жылыжай жағдайында қызғалдақтарды көбейтудің инновациялық технологиясын әзірлеумен айналысып келеді. Бұл зерттеулер 2022-2024 жылдар аралығында Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып, "Қазақстанда қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау, эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеп, қолданысқа енгізу" ғылыми жобасы аясында гранттық қаржыландыруға ие болған.

қызғалдақтар
Қызғалдақтар. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жобаның негізгі мақсаты – қызғалдақтың перспективті, жерсіндірілген түрлері мен сорттарын өндіріске енгізу, селекциялық жұмыстар үшін бастапқы материалдар жинағын қалыптастыру және Қазақстанның гүл өсіру саласын дамыту.

қызғалдақтар
Қызғалдақтар. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жоба сәтті аяқталса да университет бағында гүлді өсіру жұмыстары жалғасын тауып келеді. Алғашында 3 мың дана қызғалдақ егілген жылыжай көлемі бүгінде айтарлықтай ұлғайып, биыл Голландиядан әкелінген 8 мың дана қызғалдақ пиязшығы отырғызылған.

қызғалдақтар
Қызғалдақтар. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазіргі уақытта жылыжайда қызғалдақтың 14 түрлі сұрпы өсіріліп жатыр, олардың қатарында: Ace of Spades, Barcelona Blanca, Bullit, Crème Fraich, Crisco, Jumbo Beauty, Lady Bell, Pink Stone, Rebellious Yellow, San Luiz, Showroom, Strong Gold, Triple A, Strong Love сынды ерекше сорттар бар.

қызғалдақ
Қызғалдақ. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жылдағы дәстүр бойынша ботаникалық бақта өсірілген қызғалдақтар наурыз айындағы мереке күндері университеттің ардагер ұстаздары мен серіктестеріне сый ретінде ұсынылады. Сонымен қатар гүлдерді коммерцияландыру жұмыстары да қолға алынып, сатылымға шығару жоспарланып отыр.

"Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары қызғалдақ өсіру мен зерттеу жұмыстарын одан әрі жетілдіре отырып, Қазақстанның гүл шаруашылығын дамытуға үлес қосуды жалғастыра береді", - дейді министрлік өкілдері.

қызғалдақ ұстаған ару
Қызғалдақ ұстаған ару. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2224407-arasynda-erekshe-sorttar-bar-ahmet-iasaui-universitetining-botanikalyq-bagynda-qyzgaldaqtar-guldedi-foto/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif