jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ораза кезінде тырнақ бояп, кірпік жабыстыруға бола ма: имам жауабы

Тырнақ бояуы
Тырнақты бояу. Көрнекі фото: pixabay.com

Рамазан айында оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан арнайы Almaty.tv тілшісіне жауап берді.

Жасанды кірпік, тырнақпен ораза ұстауға бола ма?

Жауап: Жалпы шариғат бойынша әйел кісіге өзінің күйеуінің алдында сәнденіп шашын, тырнағын боятуына т.б. жолдар арқылы сәнденуіне болады. Ал ораза кезінде шашын бояту, тырнақтарын жөндеу сияқты амалдар оразаға кедергі емес. Тек бояну барысында әр түрлі себеппен мұрыннан, тамақтан ішке бір нәрсенің кетіп қалмауына мұқият болуы керек.

2. Аузы берік адамға әйелін сүюге, құшақтауға бола ма?

Жауап: Айша анамыз (Алла оған разы болсын) "Оразада Пайғамбар жарларын құшақтап, сүйетін еді, алайда басқаларға қарағанда ол өз-өзіне ие болатын" деген. Бұл жерде ескеретін жағдай, әйелін сүйгенде өз-өзіне ие болатынына сенімді болса, сүюіне рұқсат. Сенімді болмаса, сақтанған жөн. Өйткені бұл әрекеттің соңы оразаның бұзылуына апаруы мүмкін. Ал баланы иіскеп сүюдің еш сөкеттігі жоқ.

Свежая публикация по теме:
Рамазан айында қандай дұғалар оқу керек

3. Сәресіге ұйықтап қалған адам не істейді?

Жауап: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) "ашура" күні хабарлаушы кісіге "Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тамамдасын. Ал ештеңе жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)" деп жар салуын бұйырды (Бұхари). Демек сәресіге ұйықтап қалған адам ұйқысынан тұрғанда нәр тартпастан, ниет етіп оразасын жалғастырады. Бастысы, таңертең еш нәрсе ішіп-жемеуі және түске дейін ниет етіп үлгеруге тиіс.

Ораза кезінде тырнақ бояп, кірпік жабыстыруға бола ма: имам жауабы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.