jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Топырақты шайып кеткен": Шідерті өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілді (видео)

Шідерті өзендегі су шайып кеткен уақытша көпір
Шідерті өзендегі уақытша көпір. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

БҚО-да Шідерті өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, уақытша көпірдің айналасындағы топырақты шайып кеткен. ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, жағдай бақылауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ-ның мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында қардың қарқынды еруінен Шідерті өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілген.

Салдарынан су Ақсай-Жымпиты автожолының 27-ші шақырымында, Аралтөбе ауылының жанында негізгі өткелді жөндеу кезінде салынған уақытша көпірдің айналасындағы топырақты шайып кеткен.

"Жағдай ТЖМ-ның тұрақты бақылауында. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің күшімен уақытша көпірді нығайту үшін инертті материалдары бар қаптар толтырылып жатыр.

"Жергілікті тұрғындар жедел хабардар етілді, елді мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта Бөрлі ауданы Ақсай қаласы жағынан баламалы жол жүру жолдары бар. Қалпына келтіру жұмыстары су деңгейі төмендегеннен кейін бірден басталады", - деп қосты ТЖМ өкілдері.

"Топырақты шайып кеткен": Шідерті өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.