jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі рекордтар кітабына енді

Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі
Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі. Фото: Ақмола облысының әкімдігі

22 наурызда Көкшетауда ұлттық дәстүрімізді дәріптеген ерекше шара өтті – кимешек киген аналардың шеруі Қазақстан рекордтар кітабына енді. Аталған шеруге 1600 әйел қатысып, республика бойынша жаңа рекорд орнатылды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Кимешек шеруі – жай ғана іс-шара емес, бұл – ұлттық дәстүрдің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқандығының айқын дәлелі. Бүгінгі күн Көкшетау тарихындағы жарқын сәттердің бірі ретінде есте қалады", – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі
Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі. Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Шерудің алдыңғы қатарында өңірдің дамуына, мәдениетінің өркендеуіне үлес қосқан танымал тұлғалар жүрді. Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Жібек Бағысова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова, мәдениет қайраткері Орынтай Жүсіпәлина, тілтанушы Марал Жақыпова, ұлттық киім шебері Үлжалғас Қарымсақова, қолданбалы өнер шебері Гүлнар Орынбаева, Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахина және көпбалалы ана Анаргүл Мұхамедрахимова бар.

Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі
Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі. Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Шеруге көпбалалы аналар, ұстаздар, дәрігерлер, өнер адамдары мен өзге де сала өкілдері қатысты. Сондай-ақ шараға Астана мен Солтүстік Қазақстан облысынан келген нәзікжандылар да қосылды.

Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі
Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі. Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков шеруді рекорд ретінде тіркеп, Ақмола облысының әкіміне арнайы сертификат табыстады.

Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі
Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі. Фото: Ақмола облысының әкімдігі

"Бүгін 1600 ана кимешек киіп, ұлттық дәстүріміздің мәртебесін асқақтатты. Бұл – ел тарихындағы айрықша оқиға", – деді ол.

Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі
Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі. Фото: Ақмола облысының әкімдігі

"Ақ кимешек" шеруі Абылай хан алаңындағы басты сахнада LED-экран арқылы тікелей көрсетілді.

Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі рекордтар кітабына енді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.