RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

4 жасар бала тікұшақпен шұғыл түрде Өскеменге жеткізілді (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Баланы тікұшақпен жеткізу сәті
Баланы тікұшақпен жеткізу сәті. Кадр: t.me / qr_tjm

ШҚО-да 4 жасар бала ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде Өскемендегі медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ мәліметіне сәйкес, баланы медициналық мекемеге жеткізуге "Қазавиақұтқару" ұшқыштары ат салысқан.

"Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" ММ ұшқыштары Анатолий Козловский мен Бауыржан Бутенбаев шұғыл медициналық көмек көрсету үшін баланы Үлкен Нарын ауданынан Өскеменге "Ми-8" тікұшағымен тасымалдады", - делінген министрлік хабарламасында.

Бортта кішкентай пациенттің қасында санавиация дәрігерлерінің бригадасы болған.

"Ұшқыштар мен дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында әуеде ұшу қауіпсіз өтті және 2021 жылы туған бала медициналық мекемеге жеткізілді, ол мамандардың бақылауында болады", - деп қосты министрлікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2230752-4-zhasar-bala-tikushaqpen-shugyl-turde-oskemenge-zhetkizildi-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif