RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

1991 жылдан бері Қазақстанға қанша этникалық қазақ оралды: министрлік статистиканы жариялады

Жарияланған күні:

Қазақстан паспорты
Қазақстан паспорты. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2025 жылдың басынан бері 2 185 этникалық қазақ қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 150 мыңнан астам этникалық қазақ оралған, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанға қандастардың 46,4 пайызы Қытайдан, 41 пайызы Өзбекстаннан, 7,1 пайызы Түрікменстаннан, 1,9 пайызы Ресейден, 1,6 пайызы Моңғолиядан және 2 пайызы басқа елдерден келген.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 60,8 пайыз, кәмелетке толмағандар – 30,8 пайыз және зейнеткерлер – 8,4 пайыз.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 16,8 пайызы жоғары білімді, 30,7 пайызы орта кәсіби білімді, 50,8 пайызы жалпы орта білімді және 1,7 пайызының білімі жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанған.

Қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталған. Олар: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 389 қандас қоныс аударған.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 84 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілген. Атап айтқанда, 56 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2230880-1991-zhyldan-beri-qazaqstanga-qansha-etnikalyq-qazaq-oraldy-ministrlik-statistikany-zhariialady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif