RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Аса қатты ыстық болмайды": "Қазгидромет" өкілі Алматыда биыл жаз қандай болатынын болжады

Жарияланған күні:

Жаз
Алматы. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" өкілі Алматыда биыл жаз қандай болатынын айтты. Кей уақытта оңтүстік астанада ауа температурасы + 40 градусқа дейін көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды Kazinform.

Болжамдарға сай, биыл жазда күн аса қатты ыстық болмайды.

"Дегенмен кейбір күндері ауа температурасы + 33... + 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, кейде тіпті + 40 градусқа дейін баруы ықтимал", - дейді "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.

Сондай-ақ синоптиктер нөсер жауын жаууы мүмкін екенін де болжап отыр.

"Ұзақ уақыт күн ашық әрі жауын-шашынсыз болуы да мүмкін", - деп нақтылады Аружан Мұратова.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда сәуірдегі орташа температура +13,1 градус болады, бұл қалыпты нормадан бір градусқа жоғары. Жауын-шашынның жалпы мөлшері де нормадан асады (112 мм). Сәуір айының басында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Айдың басында көктайғақ болады деп болжанып отыр, ал желдің жылдамыдығы 15-20 м/с болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2231043-asa-qatty-ystyq-bolmaidy-qazgidromet-okili-almatyda-biyl-zhaz-qandai-bolatynyn-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif