4 жыл бұрын Алматы түбінде апатқа ұшыраған ұшақ қалдығы аукцион арқылы сатылып кетті
Жарияланған күні:

Осыдан 4 жыл бұрын Алматы түбінде апатқа ұшыраған ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы металл сынығы ретінде сатылды, деп хабарлайды kazinform.kz.
Мемлекеттік мүлік тізіліміне және тиісті сауда-саттыққа ресми қол жеткізу нүктесі ретінде танылған е-qazyna.kz веб-порталында жарияланған лот мәліметтеріне сәйкес, қираған ұшақты сатып алуға қатысу үшін әлеуетті сатып алушы 810 897 теңге мөлшерінде кепілдендірілген жарна төлеуі тиіс болды. Ал бастапқы баға - 1 351 494,75 теңге.
Сауда-саттық барысында салмағы 14 тонна 60 келі болатын АН-26 ұшағының қирандысы 1 416 200 теңгеге сатылды.
"Лот үш рет жарияланып, төртіншісінде сатылды. Ережеге сәйкес, металл сынықтары ҰҚК ұсынысы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен сатылатын нысандар тізіліміне енгізіліп бағаланды және сатылды", - деді қираған ұшақты сауда-саттыққа шығарған "Қазарнаулыэкспорт" кәсіпорнынан агенттік тілшісіне.
Еске сала кетсек, 2021 жылдың 13 наурызында "Астана-Алматы" бағытында сағат 17:20-да ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы Алматыға қонар кезде апатқа ұшыраған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2231088-4-zhyl-buryn-almaty-tubinde-apatqa-ushyragan-ushaq-qaldygy-auktsion-arqyly-satylyp-ketti/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде