RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Жел тұрып, жауын жауады": Қазақстанның қай өңірінде күн бұзылуы мүмкін

Жарияланған күні:

Жел. Көрнекі сурет
Жел. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" мамандары еліміздің 11 өңірінің тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасады. Синоптиктер кей өңірде күн райы жауынды болса, кей облыстарда жел тұратынын айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с-ке жетеді.

Алматыда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метрге жетеді. 

Атырау облысының батысында тұман түседі.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с болады.

Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, шығысында тұман.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2231109-zhel-turyp-zhauyn-zhauady-qazaqstannyng-qai-ongirinde-kun-buzyluy-mumkin/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif