Алина Алдамберген Қазақстан қор биржасы басқарма төрайымы қызметінен кетті
Жарияланған күні:

Алина Алдамберген Қазақстан қор биржасы басқарма төрайымы қызметінен кетті. Бұл туралы KASE баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"2025 жылдың 28 наурызынан бастап KASE Басқарма төрайымы Алина Алдамбергеннің өкілеттігі оның өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 жыл ішінде оның басшылығымен KASE ауқымды технологиялық трансформациядан өтті, оның шеңберінде 3 жаңа сауда-клиринг жүйесі енгізілді, KASE Mobile мобильді қосымшасы іске қосылды, омнибус-шоттар енгізілді, ішкі жүйелер мен IT инфрақұрылымы жаңғыртылды.
Алина Өтемісқызы, online.zakon.kz мәліметінше, 1973 жылы Қарағандыда дүниеге келген.
Еңбек жолын 1997 жылы ABN AMRO Bank Kazakhstan-да бастады, онда қаржы сарапшысынан несиелік анализ және құрылымдау департаменті басшысының орынбасарына дейін көтерілді.
2003 - 2005 жылдары - ABN AMRO Asset Management Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі;
2005-2006 жылдары ABN AMRO Bank Kazakhstan басқарма төрағасының орынбасары, бөлім басшысы;
2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2008-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары.
2011-2013 жылдары - "Самұрық-Қазына Финанс" ЖШС бас директоры (орынбасары);
2016 жылға дейін - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары;
Соңғы тоғыз жыл Қазақстан қор биржасы төрайымы қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2231315-alina-aldambergen-qazaqstan-qor-birzhasy-basqarma-toraiymy-qyzmetinen-ketti/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде