jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

БҚО-да 700-ден астам адам өзіне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті ала алмай келген

Дәрілер
Дәрі-дәрмек. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тегін дәрі-дәрмекпен қамтылуға тиіс 700-ден астам адамның құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы Ақжайық аудандық ауруханасының қызметінде тегін медициналық көмектің берілген кепілдік көлемі аясында дәрі-дәрмекпен қамту мәселелеріне талдау жүргізген.

Талдау барысында мұқтаж адамдарды дәрілік препараттармен қамтамасыз етпеу фактілері анықталған.

"Атап айтқанда түрлі диагнозбен диспансерлік есепте тұрған 700-ден астам пациент өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай келген", - делінген хабарламада. 

Прокуратураның қадағалау шаралары негізінде дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, оларды алуға алдын ала тапсырыс берілді.

БҚО-да 700-ден астам адам өзіне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті ала алмай келген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.