jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мопедін тіркеп үлгермеген қазақстандықтар не істейді: ішкі істер вице-министрі жауап берді

Мопед
Мопед. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мәжіліс кулуарында мопедтерді тіркеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Игорь Лепеха бүгінгі таңда елімізде 18 200 мопед тіркелгенін мәлім етті.

"Жалпы қанша мопед бар екенін ешкім білмейді, әртүрлі сан айтылады. Бір ғана атап өтерлік жайт, бізде былтыр осы санаттағы 22 мың куәлік берілсе, биыл - 2,5 мың. Бірақ мопеді жоқ адамдар да жүргізуші куәлігін алуы мүмкін. Ал әзірге осы, қанша мопед тіркеліп үлгерсе, соншасы жүреді. Қалғандары тұрады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, 4 сәуірге дейін аз ғана уақыт қалғанын айтқым келеді. Тіпті халыққа қызмет көрсету орталықтарынан келгендердің барлығын тіркеп үлгеру үшін осы күндері жұмыс уақытын созуды сұрадық. Өйткені содан кейін бұл адамдар мопедімен заңды түрде жүре алмай қалады", - деді ол.

Ол тіркеуден өтпеген мопедтер айыппұл тұрағына қойылатынын еске салды.

"Құжаты түгел жүргізушілер ғана көлігін жүргізе алады", - деді Лепеха.

Мопедін тіркеп үлгермеген қазақстандықтар не істейді: ішкі істер вице-министрі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.