Қазақстанда айыппұлдың тағы бір түрі енгізілуі мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русском
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәжіліс кулуарында SIM-картаны үшінші тұлғаларға берудің жауапкершілігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Журналистер министрден ата-ана SIM-картасын баласына бере ала ма деп сұрады.
"Иә, қазір біз нарықтан ұсыныс жинап жатырмыз. Бұл әзірге түпкілікті шешім емес – әлі талқылап жатырмыз. Үшінші тұлға – сізбен байланысы жоқ адам. Балаға беру немесе бермеу мәселесіне келсек, біз оны ескереміз, бұл мәселені қалай реттеуге болатынын ойластырамыз.
Әрине, бұған қылмыстық жауапкершілік енгізу әзірге жоспарымызда жоқ. Әкімшілік айыппұлдың қандай да бір түрі қарастырылуы мүмкін. Сондықтан қазір мұның бәрі талқылау деңгейінде. Айыппұл бойынша нақты мәлімдеме немесе сандарды келтіру әлі ерте. Біз оны талқылап жатырмыз. Биыл да (ұсыныс – ред. ескертпесі) енгізіліп, талқыланады деп ойлаймын", - деді Жаслан Мәдиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2232483-qazaqstanda-aiyppuldyng-tagy-bir-turi-engizilui-mumkin/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде