RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

eGov-та жаңа қызмет: енді қазақстандықтар атына неше ұялы телефон нөмірі тіркелгенін тексере алады

Жарияланған күні:

сим-карта ұстаған ер адам
Сим-карта. Көрнекі фото: west / iStock / Getty Images

Egov-та бір ЖСН бойынша тіркелген ұялы телефон нөмірлерінің санын тексеруге арналған жаңа қызмет қосылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Министрдің айтуынша, бұл мүмкіндік SIM-картаны заңсыз тіркеу іс-қимылдарымен күресуге жағдай жасайды.

"Енді eGov жүйесінде өзіңіздің ЖСН-ді енгізу арқылы атыңызға неше ұялы телефон нөмірі тіркелгенін оңай тексеруге болады. Егер нақты пайдаланып отырған нөмірлер бойынша сәйкессіздік болса, онда ұялы байланыс операторына дереу хабарласып, қалғандарын бұғаттай аласыз", - деді ведомство басшысы парламент мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ басылымның жазуынша, Жаслан Мәдиев бір адамға сатылатын SIM-картаның санын шектеуге қатысты түсінік берген.

Министрдің сөзінше, бастама қазір мәжілісте талқыланып жатыр.

"10 SIM-картадан артық алса, жүйеде қай мақсатпен бұл SIM-карталарды пайдаланатыны айқындалады. Кейбір компаниялар 100 шақты SIM-картаны сатып алып, бір қолға беретінін білеміз", - деді Мәдиев.

Оның айтуынша, осы проблемамен күресу үшін министрлік тиісті ұсыныстар дайындаған.

"Ұялы байланыс операторларында нөмірлерді басқа мақсатта пайдаланып жатқанын анықтайтын мүмкіндіктері бар. Мәселен, SIM-картаны тек автокөлікте пайдалануға алып, осы нөмірді басқа мақсатта қолданып жүрсе, оны трафик бойынша анықтау оңай. Мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастыралады, айыппұл санкциясы енгізілуі мүмкін", - деді Жаслан Мәдиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2232491-egov-ta-zhanga-qyzmet-endi-qazaqstandyqtar-atyna-neshe-uialy-telefon-nomiri-tirkelgenin-teksere-alady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif