"Бишімбаевтың әкесі Таразда университет ашады": Ғылым министрлігі желідегі ақпаратқа қатысты түсінік берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Таразда Bishimbayev University деп аталатын жоғары оқу орнын ашып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Бұған қатысты Ғылым министрлігі баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Таразда Bishimbayev University ашылып жатыр деген ақпарат Telegram-дағы Kris_p_almaty арнасында жарияланды. Жазбада университет жаңа оқу жылынан бастап талапкерлерді қабылдай бастайтыны және ЖОО азаматтық, қылмыстық, халықаралық, корпоративтік, қаржылық және салықтық құқықты оқытуға маманданғаны, сондай-ақ зияткерлік меншік пен арбитражды оқытатыны айтылған.
Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 5-3-бабына сәйкес, кадрлар даярлау бағыттары мен оқыту нысандары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысу үшін заңды тұлғаларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатады.
Осыған байланысты, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы кез келген білім беру қызметі міндетті түрде лицензияланады.
Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес, рұқсат беру немесе хабарлама тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жеке және заңды тұлғалардың тиісті рұқсат алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, министрлік Bishimbayev University атауымен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия берілгенін жоққа шығарады, сондай-ақ "е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінде тиісті өтінімнің болмағанын хабарлайды, - деді министрліктің баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев Facebook желісіндегі жазбасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2232801-bishimbaevtyng-akesi-tarazda-universitet-ashady-gylym-ministrligi-zhelidegi-aqparatqa-qatysty-tusinik-berdi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.