RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қызылордада оқушыны жезөкшелікке тарту ісі бойынша 9 адамға сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін Қызылордада сыныптастары сексуалды құлдықта ұстады деген 16 жастағы қыздың оқиғасына қатысты 9 адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қызылорда облыстық сотына сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адамдар тобына, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы (ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқытып алушылық), 110-бабы (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау), 134-бабы (кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша қылмыстық істі қарап, үкім шығарды.

Іс жабық сот отырысында қаралды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушылардың кінәсі оқиға орнын, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен, бейнежазбалармен, WhatsApp арқылы жүргізілген хат-хабарлармен, карточкалық шоттардың банктік үзінділерімен, сараптама нәтижелерімен, сондай-ақ жәбірленушінің жауабымен дәлелденген.

Прокурор сотталушылар М.Н., А.Ж., Қ.Д.-ны кінәлі деп тауып, оларды 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды, Б.А.-ны 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды, Т.Ұ . және Қ.А.-ны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, Т.А., Б.А. және Т.Д.-ны 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот жаза тағайындау кезінде сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде М.Н., А.Ж., Қ.Д., Б.А.-ның кәмелет жасына толмағандарын, сонымен бірге, сотталушылар Т.Ұ. және Қ.А.-ның жасаған істеріне шын жүректен өкінуін есепке алды.

Айыптау актісіне сәйкес, сотпен ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Қылмыстық кодекстің 55-бабына сәйкес, жеңілдететін мән-жайлар бар және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі кодексте көзделген ең жоғары мерзімнің үштен екісінен нен аспауға тиіс.

Сот үкімімен кәмелетке толмағандар М.Н., А.Ж., Қ.Д. ҚК-нің 134-бабы 3-бөлігі, 1),2)-тармақтары, Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-тармағы 2)-тармақшасы, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-тармағы 1)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша оларға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды.

Сотталушы Б.А. ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігін 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушылар Т.Ұ. және Қ.А. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 194-бабы, 2-бөлігі 1),2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, оларға 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушылар Т.А., Б.А. және Т.Д. ҚК-нің 134-бабы 3-бөлігі 1)-тармағы және Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша олардың әрқайсысына 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұған дейін бұл іс бойынша 13 адамға қатысты іс қозғалғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2232890-qyzylordada-oqushyny-zhezokshelikpen-ainalysuga-tartu-isi-boiynsha-9-adamga-sot-ukimi-shyqty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif