Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында мұғалімдерді түнгі кезекшілікке шығуға мәжбүрлеген

Опубликовано:

Ақмола облысы, Степногорск қаласының ұстаздары оларды кешкі және түнгі уақыттарда полицейлермен бірге қала көшелерінде кезекшілік жұмысына шығуға мәжбүрлейтіндеріне наразылық білдірді.

1tv.kz тілшісіне Степногорскідегі № 1 орта мектептен хабарланғандай, Астана күні қарсаңында қалалық әкімдіктен қала мектептеріне педагогтардың мерекелік және демалыс күндері сағат 21:00-ден бастап полицейлермен бірге түнгі кезекшілікке шығу керектігі туралы нұсқау түскен.

Әкімдіктің нұсқауы барлық қызметкерлерге, оның ішінде мектептегі зейнет жасындағы адамдарға да қатысты. Наразылық білдірген ұстаздар мұны мұғалімдерді кемсіту деп есептеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/223300-akmola-oblysynda-mygalimderdi-tyngi-kezekshilikke-shyguga-mezhbyrlegen/

pixel