"Тек энцефалит емес, отыз шақты ауру таратады": ШҚО-да кенелер ерте ояна бастады
Жарияланған күні:

Биыл Шығыс Қазақстан облысында кенелер ерте ояна бастады. Қансорғыштар Өскеменде 7 адамды шаққан, деп хабарлайды 24.kz.
Зардап шеккендерге кене энцефалитіне қарсы екпе жасалды. Қазір улы жәндіктердің көбі қала шеті мен саяжай маңында шоғырланған. Осыған байланысты аймақта дәрілеу жұмыстары басталып кетті.
Әсіресе эндемикалық аумаққа кіретін Қатонқарағай, Шемонаиха, Ұлан, Үлкен Нарын аудандары басты назарда. Эпидемиологтардың айтуынша, кене тек энцефалит емес, отыз шақты ауру таратады. Демек оның шағуын әдеттегі жағдайға балап, салғырттық танытуға болмайды, дейді мамандар.
"Кене шығып қойды деп ешкім олйап жүрген жоқ. Қазір енді саяжай жұмыстары басталады. Сондықтан ақ киім киіп, неғұрлым қорғаныш киімдерін киіп, репрелленттер қолдануды ұсынамыз", - дейді санитарлы-эпидемиологиялық бақылау департаменті қоғаммен байланыс жөніндегі бас маманы Гүлмира Қайратова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233338-shqo-da-keneler-erte-oiana-bastady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде