jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ақмола облысында жүздеген құтқарушы су тасқыны салдарымен күресіп жатыр (фото)

Макинсктегі су тасқыны салдарын жою
Макинсктегі су тасқыны салдарын жою. Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысының Макинск қаласында құтқарушылар су тасқынының салдарын жоюға барын салып жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Авариялық-құтқару іс-шараларын жүргізу үшін құрамында 130 адамнан тұратын төрт топ, 13 бірлік техника, 12 мотопомпа және Ақмола облысы және Астана қаласы ТЖ департаменттерінен жылжымалы сорғы станциясы тартылды.

Құтқарушылар су басқан аумақтардан суды соруға кірісті. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратына сәйкес, су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты Бұланды ауданының Макинск қаласында апаттың салдарын жою бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.

ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына вице-министр Рамиль Камалов барды. Сонымен қатар ауданға облыс әкімі Марат Ахметжанов келді.

Су тасқыны салдарын жоюға облыстың Төтенше жағдайлар департаменті қатысуда, сондай-ақ Көкшетау, Атбасар және Астана қалаларынан бөлімшелер тартылды. Жақын арада Қарағанды облысының ТЖД-нан қосымша топ келуге тиіс.

Макинскіде бөгеттерді нығайту және тұрғын алаптарды қорғау үшін инертті материалы бар қапшықтар төселіп жатыр. Тасқын салдарын жоюға жеке құрамнан 400-ге жуық адам және 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған.

Тасқын суларды тиімді өткізу үшін автожолдарды ашу туралы шешім қабылданды. Бұл шара елді мекенге гидравликалық жүктемені азайтуға және су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Ақмола облысында жүздеген құтқарушы су тасқыны салдарымен күресіп жатыр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.