Қазақстанда бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау қай күнге дейін жалғасады
Жарияланған күні:

Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға өтініштерді 31 тамызға дейін беруге болады, деп хабарлайды Қазақстан Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстанның "Білім туралы" заңына сәйкес, бірінші сыныпқа ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде алты жасқа толған балалар қабылданады.
Өтініштерді қабылдау биыл бес ай бойы — 31 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады. Болжам бойынша, мектеп табалдырығын 370 мыңнан астам бала аттайды.
"Алғашқы үш күнде 24 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Ең үлкен белсенділік Астана мен Түркістан облысында байқалып отыр. Ата-аналардың шамамен 70 пайызы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады", - деп хабарлады Қазақстан Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті.
Өтінішті онлайн — eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы, сондай — ақ қағаз түрінде-тікелей мектепте беруге болады. Өтінімдер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233349-qazaqstanda-birinshi-synypqa-otinishterdi-qabyldau-qai-kunge-deiin-zhalgasady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.