Терезені ашық қалдырмаңыз: Астана әкімдігі тұрғындарды абай болуға шақырды
Жарияланған күні:

Елордада балалардың терезеден құлауының алдын алу және болдырмау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Төтенше жағдайлар департаменті ювеналдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар сондай-ақ еріктілер жұмылып, бірге түсіндіру жұмыстарын атқарды.
"Елордадағы 40-тан астам балабақшада балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу мақсатында ақпараттық-түсіндіру және алдын алу шаралары жүргізіліп, тұрмыстық қауіпсіздік бойынша сабақтар ойын түрінде ұйымдастырылды. Ата-аналармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді", — делінген хабарламада.
Балалардың жарақат алу жағдайларын азайтудың негізгі қауіпсіздік ережелері:
- үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өміріндегі соңғы сәтке айналуы немесе оны мәңгілік мүгедек етуі мүмкін, оған бірнеше секунд жеткілікті;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнаған кезде;
- тиісті терезе қорғанысынсыз москит торларын пайдаланбаңыз, балалар оған сүйенгенді ұнатады, оларды сенімді тірек ретінде қабылдап құлап кетуі мүмкін;
- балалардың терезені өздігінен ашуына жол бермеу үшін терезелерге қауіпсіздік құлыптарын (блокаторларды) орнату;
- бала терезеге шықпас үшін жиһазды терезеге жақын қоймаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233353-terezeni-ashyq-qaldyrmangyz-astana-akimdigi-turgyndardy-abai-boluga-shaqyrdy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.