jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауларды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді

Ойнап жүрген балалар
Ойнап жүрген балалар. Көрнекі фото: TATSUSHI TAKADA / Getty Images

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауларды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Елімізде 2025 жылғы 13 сәуірден бастап ата-аналар мен басқа да жақын туыстар арасында баламен қарым-қатынас жасау тәртібіне байланысты дауларды шешудің бірыңғай ережесі қолданысқа енгізілді.

Бұған дейін бұл мәселелер қорғаншылық органдарымен қаралғанымен, әр өңірде әртүрлі тәсіл қолданылған болатын. Енді Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген ортақ тәртіп барлық өңірде бірдей іске асады", - делінген министрлік хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, ата-анаға немесе жақын туыстарына – атасына, әжесіне, ағасына немесе әпкесіне баламен қарым-қатынас жасауға шектеу қойылған жағдайда, баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына өтініш бере алады.

Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар;
  • соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
  • мекенжайын растайтын құжат.

"Біз алғаш рет осындай күрделі де сезімтал мәселелерді шешудің бірыңғай тәртібін енгізіп отырмыз. Бұл – баланың құқығы мен мүддесін қорғауға, оның жақындарымен байланысын үзбеуге бағытталған нақты қадам", - дейді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Қорғаншылық органы өтінішті 15 жұмыс күні ішінде қарап шығады. Осы мерзімде мамандар екі тараппен жеке сөйлесіп, қажет болса тұрмыстық жағдайды зерделейді. Егер бала 10 жасқа толған болса, оның да пікірі ескеріледі.

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауларды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.