jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ұлытау облысында ағылшын тілінде еркін сөйлейтін полиция қызметкері желі жұлдызына айналды

Видеодан кадр
Видеодан кадр: instagram.com/policeofulytau/

Ұлытау облысында ағылшын тілінде еркін сөйлейтін полиция қызметкері желі қолданушыларының назарын аударды. Ол туристерге шет тілінде өңірді таныстырып, қонақтардың ризашылығына ие болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде ағылшын тілінде еркін сөйлеп, шетелдік туристерге жол көрсеткен полиция қызметкері туралы видео жарияланды.

Видеода инспектордың Ұлытауға қонақ болып келген шетел азаматтарына өңірдің табиғатын таныстырып жатқанын байқауға болады.

"Бұл жерді біз Тасбұлақ деп атаймыз, оның суы өте мөлдір, таза. Бұл суды жақын маңдағы қалалар – Жезқазғаннан, Сәтпаевтан да адамдар келіп алады, судың құрамында минералдар өте көп", - дейді полиция қызметкері.

Облыстық полиция департаментінің өкілдері Instagram желісіндегі парақшасында бейнежазбадағы азамат — Ұлытау ауданындағы учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Дулат Әбдікәрімов екенін хабарлады.

Желі қолданушылары учаскелік полиция инспекторының біліміне таңдай қағып жатыр.

"Өзі аудармашы ма? Жарайсың!", "Дулат – білімді жігіт", "Шетелден қонақ келсе, саған жібереміз", "Нағыз офицер", - деп пікір қалдырған желідегілер.

Сондай-ақ желі қолданушыларының бірі Дулат Әбдікәрімовтың бұған дейін мұғалім болғанын атап өткен.

"Бұл кісі Сатпаев қаласында 27 қазақ орта мектебінде шет тілінен мұғалім болған, қазір шәкірттері аудармашы болып жұмыс істейді", - деп жазған пікірде.

Ұлытау облысында ағылшын тілінде еркін сөйлейтін полиция қызметкері желі жұлдызына айналды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.