jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қарағанды полиция басқармасы бастығының орынбасары көз жұмды

Бекжан Құсайынов
Бекжан Құсайынов. Фото: instagram.com/policeofkaraganda

53 жасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары - полиция полковнигі Құсаинов Бекжан Төлеуұлы кенеттен өмірден өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасы хабарлағандай, Бекжан Төлеуұлы 30 жылдан астам өмірін Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнады.

Ол қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық Ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекет қызметінде милиционер лауазымынан бастады.

Қызмет баспалдағының барлық сатысынан өткен Бекжан Төлеуұлы әр жылдары жауапты лауазымдарда қызмет етіп, кейінгі жылдары қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында еңбек етті.

"Ол әрқашан жоғары кәсіби біліктілігімен, өзіне және әріптестеріне талап қоя білетін қасиетімен, принцпшілдігімен, адалдығымен және адамдарға деген құрметімен ерекшеленді. Полиция полковнигі қызметіне адал, антына берік, шыншыл және қайырымды нағыз офицер болды. Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына орыны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Қарағанды полиция басқармасы бастығының орынбасары көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.