jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Көлсай көлдері" аумағында қонжықтарымен "серуендеп" жүрген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

қонжықтырамен жүрген қоңыр аю
Қонжықтырамен жүрген қоңыр аю. Видеодан кадр: instagram.com/qazaqormany?g=5

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Тянь-Шань қоңыр аюлары видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Комитеттің мәліметінше, жабайы жануарлар санын есепке алу барысында "Көлсай көлдері" паркінің инспекторлары екі қонжығымен жүрген Тянь-Шань қоңыр аюын видеоға түсіріп алған.

Тянь-Шань қоңыр аюлары парктің орманды тау баурайларын мекендейді.

Осы орайда парк әкімшілігі келушілерге, егер қоңыр аюды байқап қалсаңыз, қауіпсіз қашықтықты сақтап, жануарларды мазаламау маңызды екенін ескертеді.

"Еске саламыз, Қазақстан Республикасының "Қызыл кітабына" енген барлық жануар түрі мемлекет тарапынан қорғалады", - делінген хабарламада.

"Көлсай көлдері" аумағында қонжықтарымен "серуендеп" жүрген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.