jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бас мүфти қажылыққа деп жинаған қаржысын сырқат балаларға берген қарияға қажылыққа жолдама сыйлады

Жолдас Қоспақұлы ақсақал Сағадат Жұмабаевқа қажылыққа жолдама сыйлауда
Жолдас Қоспақұлы ақсақал Сағадат Жұмабаевқа қажылыққа жолдама сыйлауда. Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымды ісі мен имандылықтың жарқын үлгісін көрсеткен павлодарлық ақсақал Сағадат Жұмабаевқа шынайы алғысын білдіріп, қажылыққа жолдама сыйлады. Бұл туралы мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ҚМДБ төрағасының тапсырмасымен Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы мүфтият атынан берілген қажылық сапарының жолдама сертификатын Сағадат ақсақалға арнайы барып тапсырған.

Айта кетейік, Сағадат Жұмабаев Павлодар қаласындағы қарттар үйінде 13 жылдан бері тұрып келеді. Туыстары болмағанына қарамастан, ол өмір бойы қажылыққа деп жинаған қаржысын сырқат баласы бар аналарға таратып берген еді.

Қария 3 600 000 теңгені 30 анаға бөліп, әрқайсысына 120 000 теңгеден көмек көрсеткен болатын.

Жолдас Қоспақұлы ақсақал Сағадат Жұмабаевқа алғыс хат табыстауда
Жолдас Қоспақұлы ақсақал Сағадат Жұмабаевқа алғыс хат табыстауда. Фото: muftyat.kz

Бас мүфти ақсақал Сағадат Жұмабаевқа қажылыққа жолдама сыйлады
Бас мүфти ақсақал Сағадат Жұмабаевқа қажылыққа жолдама сыйлады. Фото: muftyat.kz

Бас мүфти қажылыққа деп жинаған қаржысын сырқат балаларға берген қарияға қажылыққа жолдама сыйлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.