jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт өлі табылды

тау
Алматы таулары. Иллюстрациялық фото: t.me/KZgovernment

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт өлі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жас жігіттің қайтыс болғаны туралы ақпарат Instagram-дағы volontery_almaty_lider.kz паблигінде жарияланды. Ол жерде бірнеше күн бұрын 18 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне жас жігіттің қаза болғаны туралы ақпаратты растады.

"Із-түссіз жоғалып кеткен жас жігіт өлі табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін, 11 шілдеде сағат 07:30-да Алматы тауларында ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстарының барысында ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен теңіз деңгейінен 3000 метрден астам биіктікте адам денесі табылған.

Құтқарушылар табылған адамның денесін тасымалдау үшін жаяу жедел түрде оқиға орнына аттанған.

"Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Марқұмның жақындарына ТЖМ, ТЖД, психологтары көмек көрсетуде", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы жігіт 2 шілдеде жоғалып кеткен болатын.

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт өлі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.