jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындар несиесін кейінге шегеру қарастырылып жатыр

Үстелде жатқан ақша, калькулятор мен телефон
Ақша мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда халықтың кей топтарына несиесін кейінге шегеру мүмкіндігін беру қарастырылып жатыр. Әлеуметтік осал топтар мен ТЖ-дан зардап шеккендердің несиесіне қатысты өзгерістерді қамтитын жоба құжаты Ашық НҚА порталында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының "Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 шілдедегі № 82 және "Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 шілдедегі № 84 қаулыларына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының қаулысының жобасы мыналарды көздейді:

1) халықтың әлеуметтік осал топтары (ТЖА-мен) және ТЖ-дан зардап шеккендер үшін кейінге қалдыруды енгізу;

2) растайтын құжаттар болған кезде қарыз алушының (ХӘОТ немесе ТЖ-дан зардап шеккен адамның) табысы төмендеген кезде комиссиясыз кемінде үш ай мерзімін кейінге қалдыру міндетін белгілеу;

3) қарызды өтеу мүмкін еместігін тудырған өмірлік мән-жайдың сипатына қарай қарыз алушыдан құжаттарды сұрату тәртібін нақтылау және қосымша түріндегі осындай құжаттардың тізбесі қосылды", - делінген хабарламада.

Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындар несиесін кейінге шегеру қарастырылып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.