jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты

Перизат Қайрат
Перизат Қайрат. Фото: instagram.com/01pk

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс бойынша негізі сот отырысы басталды. Бүгінгі сот процесінде прокурорлар айыптау актісін жариялады. Алайда Перизат Қайрат та, анасы да тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Айыптау актісімен келіспеймін, тағылған айыптар негізсіз. Қарапайым сөзбен айтқанда, тергеушілердің фантазиясы үшін мен жауапты емеспін. Маған тағылған негізсіз айыптарды мойындамаймын. Сот процесі енді ғана басталғандықтан, алда барлық уәж бойынша өзімді қорғаймын", - деді Перизат Қайрат.

Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева да кінәсін мойындамайтынын айтты.

"ҚазАқпарат" ХАА-ның жазуынша, айыптау актісіне сәйкес, Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемде, адамдар тобы болып жасаған алаяқтық) және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру) бойынша айып тағылып отыр.

Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.