"Баспалдақтан итеріп жіберді" деп Амантай қажыны кінәлаған әйел жүре алмай қалған
Опубликовано:
Өзін "Амантай қажы баспалдақтан итеріп жіберді" деген әйел 76 жастағы зейнеткер болып шықты. Сол оқиғадан кейін ол жүре алмай қалған. Оның қызы Раиса Бесқарағаеваның айтуынша, Амантай қажы анасына өздігінен соқтыққан, соның кесірінен әйелдің жамбасы сынған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Раиса Бесқарағаева анасының басынан өткен жайт туралы телеарна тілшісіне баяндап берген.
"Артына қарап тұрып, Амантай қажы анамды итеріп жіберіп тұр. Өзінен-өзі итеріп жіберген. Ешқандай ұрыс-керіс болған жоқ. Сап-сау жүрген анамды мүгедек қылып, енді, міне, әлі ауруханада жатырмыз, қозғала алмайды, не жүре алмайды. Жамбас сүйегі екі жерден сынған. Содан кейін екі жерден де темір салынған. Сүйегі сынып, шашылып кеткен", - дейді зейнеткердің қызы.
Телеарна мәліметінше, оқиға осыдан екі апта бұрын таңғы уақытта болған. 76 жастағы Биғайша Бектенбаева қаладағы стадиондардың бірінде медбике болып жұмыс істейді. Сол күні әйел Амантай қажымен амандасып, оған ішке кіруге жол беріпті. Бірақ, әйелдің сөзінше, Амантай қажы зейнеткерді итеріп жіберген көрінеді.
Раиса Бесқарағаеваның айтуынша, әйел көп қан жоғалтып, оған төрт сағат бойы ота жасалған.
Жәбірленуші тарап кінәлі тарапқа әділ жаза сұрайды әрі бүгінге дейін кеткен шығынды өтеп беруін талап етеді.
Айта кетейік, Амантай қажы ел ішінде қоғам белсендісі ретінде танымал. Ол ядролық сынаққа қарсы "Аттан, Қазақстан" қозғалысын басқарады. Осыдан он жыл бұрын ол өзін президент сайлауына кандитатурасын ұсынған.
Дереккөз: КТК
Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Алматыда Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жіберді деген ақпарат тарады. Полицейлер бұл жазбаға қатысты пікір білдіріп, аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2265741-baspaldaqtan-iterip-zhiberdi-dep-amantai-qazhyny-kinalagan-aiel-zhure-almai-qalgan/