Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов рақымшылық жасау туралы өтінішпен сотқа жүгінді
Опубликовано:
Читать на русском
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов жазасын жеңілдету туралы өтінішпен сотқа жүгінді, деп хабарлайды Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бірнеше апта бұрын Бақытжан Байжанованың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев рақымшылық туралы заң қабылданса, оның қорғауындағы азаматтың жаза мерзімі үштен бірге, яғни шамамен сегіз айға қысқартылуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне Байжанов расында да жаза мерзімін қысқарту туралы өтініш бергенін айтты.
"9 шілдеде Бақытжан Байжанов Степногор аудандық сотына рақымшылық туралы заңға сәйкес жазасын қысқарту туралы өтініш берді. Өтінішті қарау мерзімі әлі анықталған жоқ", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Ол қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2266046-bishimbaevtyng-tuysy-baqytzhan-baizhanov-raqymshylyq-zhasau-turaly-otinishpen-sotqa-zhugindi/