jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Енді көліктер кедергісіз өте алады: Іле-Алатауы ұлттық паркінде бақылау жүйесі автоматтандырылды (видео)

Іле-Алатауы ұлттық паркінде бақылау паркіндегі бақылау бекеті
Іле-Алатауы ұлттық паркінде бақылау паркіндегі бақылау бекеті. Видеодан кадр: nstagram.com/qazaqormany

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бақылау-өткізу бекеттерінде автоматтандырылған жүйе іске қосылды, деп хабарлайды ұлттық табиғи парктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Демалыс күндері Алмарасан мен Аюсай шатқалдарына ағылатын автокөліктердің саны артып, ұзын-сонар кезек пен кептеліс туындайтын. Осы мәселені шешу мақсатында жаңа жүйе іске қосылды. Енді автокөлік жүргізушілері алдын ала төлем жасап, кедергісіз өте алады", - делінген хабарламада.

Жаңа жүйе көліктің мемлекеттік нөмірін автоматты түрде оқып, QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.

Автоматтандырылған жүйе Алмарасан, Қаскелең, Бұтақты және Түрген шатқалдарында да іске қосылған. Жақын уақытта Есік көлі және Ақсай шатқалында да іске қосу жоспарланып отыр.

Енді көліктер кедергісіз өте алады: Іле-Алатауы ұлттық паркінде бақылау жүйесі автоматтандырылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.