jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда ну орман пайда болуы мүмкін

Орманда серуендеп жүрген отбасы. Көрнекі сурет
Орманда серуендеп жүрген отбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда аумағы 150 гектар жерге климаттық жағдайға бейімделген ағаштар мен бұталардың көшеттері отырғызылмақ, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыда болашақ орманға топырақ дайындалып жатыр: ірі орман тәлімбағын салу жоспарланған.

Мамандар оңтүстік астананың экологиясы мен жасыл желек қорын молайту тұрғысынан стратегиялық маңызы бар қадам деп бағалаған алғашқы ірі орман тәлімбағы ашылмақ.

Қазіргі таңда Алматыда жергілікті климатқа бейімделген ағаш пен бұта көшеттерін өсіретін арнайы алаң жоқ. Бұл көгалдандыру жүйесінің дамуын тежеп, апатты және қураған ағаштарды алмастыруды, сондай-ақ кесілген ағаштың орнына тал егу жұмыстарын қиындатады.

Тәлімбақ көшетті тұрақты өндіруді қамтамасыз етіп, шығынды азайту мен көгалдандыру жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірдегі жасыл желектердің сапасын арттырады.

"Өз тәлімбағы болмаған қала әрдайым сырттан тасымалданатын көшеттерге тәуелді. Бұл отырғызылатын материалдың сапасы көңілден шықпауына немесе шығынның көп болуына әкеп соқтыруы мүмкін", – дейді қаланың Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде жаңа орманға лайық орын анықталды. Аумағы 150 гектар болатын жер бедері тегіс, топырағы құнарлы, климаты қолайлы жер телімі таңдалған. Осындай ауқымды тәлімбақ салу Алматының жасыл қорын тұрақты түрде толықтырып отыруға мол мүмкіндік береді. Мұнда жыл сайын миллиондаған көшет өсіріліп, агроорман шаруашылығының инфрақұрылымы дамып, қала экологиясына жеке инвестиция тарту жолға қойылмақ.

Өз питомнигінің болуы Алматының құбылмалы ауа райы мен қуаңшылыққа төзімді көшеттер өсіруге мүмкіндік береді. Мұндай шешім аудандарды көгалдандыруды жеңілдетіп, қауіпті ағаштарды дер кезінде алмастырып, жаңа жасыл желекті уақытылы отырғызуға мүмкіндік береді.

Бұған қоса көшет материалын сырттан сатып алу шығыны қысқарып, қала бюджетінің жүктемесі жеңілдейді. Ал бұл болашақта қаланың жасыл желегін ұдайы толықтырып отыруға бағытталған кесілген ағаштың орнына егілетін көшеттердің тұрақты жүйесін қалыптастырады.

Экологтар мен урбанистер қаланың қарқынды өсуі мен климаттың өзгеруі жағдайында мұндай қадамдардың аса маңызды екенін атайды. Шаһар жай ғана ағаш отырғызумен шектелмей, енді оларды өзі өсіре бастайды.

Алматыда ну орман пайда болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.