jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қатты жел салдарынан бес адам Каспийге батып кете жаздады

Каспий жағалауынан алыстап кеткендер
Каспий жағалауынан алыстап кеткендер. Кадр видеодан: t.me/qr_tjm

Каспий теңізінде қатты жел салдарынан жағалаудан алыстап кеткен бес адамды Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары аман-есен құтқарып қалды, деп хабарлайды ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға Ақтау қаласындағы "Бриз" яхта-клубы маңында үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде болған. SUP-тақтамен серуендеп жүрген бес адам қатты желге тап болып, 2,5 шақырым қашықтықта ашық теңізге шығып кеткен. Өздігінен жағаға орала алмаған демалушыларға Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке келген.

"Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында бес адам жағаға дін аман жеткізілді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады", - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды желді және дауылды күндері суға шыққанда абай болуға, міндетті түрде құтқару кеудешелерін киюге және ауа райын мұқият бағалауға шақырады.

Қатты жел салдарынан бес адам Каспийге батып кете жаздады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.