jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Маңғыстауда төбесі опырылып түскен мектеп бойынша қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстаудағы төбесі опырылған мектеп
Маңғыстаудағы төбесі опырылған мектеп. Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі (Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға беру немесе пайдалануға рұқсат беру кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, деп хабарлайды kazinform.kz.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов оқиға орнына барып, жағдаймен танысты. Қазір сарапшылар тиісті тексеруді жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта мектеп аумағына бөгде адамдардың кіруіне уақытша тыйым салынды. Алдағы жөндеу жұмыстары мен нақты шешімдер туралы ресми түрде қосымша хабарланатын болады",-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін таңғы сағат 6:30 шамасында Қарақия ауданы, Құрық ауылында орналасқан жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының акт залының төбесі опырылып құлады. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Маңғыстауда төбесі опырылып түскен мектеп бойынша қылмыстық іс қозғалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.