jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы облысында өңірге табиғи газ жеткізумен айналысатын компания қызметкерлері 168 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Бума ақша
Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысында "Алматыгазсервис-Холдинг" АҚ-ның қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды. Аталған акционерлік қоғам өңірге табиғи газ жеткізумен айналысады, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Тергеу материалдарына сай компания қызметкерлері есептегіш құрылғылардың көрсеткіштерін тіркеп, тұтынушылардан қолма-қол ақша жинаумен айналысқан. Жиналған қаражатты олар материалдық жауапты тұлғаларға тапсырған.

Алайда аталған жауапты тұлғалар жиналған қаражатты заңды түрде өткізудің орнына өз пайдаларына жаратып, төлем туралы ақпаратты SymphonyGAS жүйесінде жасырып келген.

Осылайша, компанияның директоры, оның орынбасары, аға оператор және аға бақылаушыдан тұратын тұлғалар тобы 2 жыл ішінде тұтынушылар төлеген 168 млн теңгені иемденген", - делінген хабарламада.

Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 165 млн теңге болатын мүлкіне (тұрғын үй, пәтер және автокөлік) тыйым салынған.

"Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Алматы облысында өңірге табиғи газ жеткізумен айналысатын компания қызметкерлері 168 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.