jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Биыл еліміздің мектептерінде алғашқы қоңырау қай күні соғылады

Бірінші сынып оқушылары
Бірінші сынып оқушылары. Көрнекі фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері еліміздің мектептерінде алғашқы қоңырау қашан соғылатынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқу-ағарту министрлігі өкілдері 1 қыркүйек – Білім күніне орай өтетін дәстүрлі салтанатты іс-шара туралы сұраққа ведомство басшысының жауабын ұсынды.

"Жаңа оқу жылы дәстүр бойынша 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Оқу процесі 2 қыркүйекте басталады. Салтанатты жиынның күні мен уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бүгін үкіметте өткен брифингте журналистер биыл Конституция күні сенбіге түскендіктен, мерекенің кейінге шегерілуіне байланысты 1 қыркүйек демалыс күніне сәйкес келетінін атап өтті. Журналистер үкімет басшысының орынбасарынан елімізде мектептегі салтанатты жиынды 2 қыркүйекке ауыстыру жоспары бар-жоғын сұрады.

"Егер педагогикалық кеңес салтанатты шараны 1 қыркүйекте өткізуге болады деп есептесе, біз, әрине, мұндай мүмкіндікті береміз. Бірақ ресми түрде барлық іс-шара 2 қыркүйекте өтуі керек, өйткені бұл жұмыс күні.

Бұрыннан солай болған. Біз тарихқа көз жүгірттік: демалыс күндері биыл ғана 1 қыркүйекке сәйкес келмеген, басқа жылдары да болған. Сол жылдары да 2 қыркүйекте басталған. Жаңа ғана сарапшылармен талқылағанымыздай, нақтырақ айтсақ, жұмыс күні, яғни 2 қыркүйек жұмыс күні болса, барлық шара, сабақтар да 2 қыркүйектен басталуы керек", - деп жауап берді премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев.

Ол Білім күніне орай ұйымдастырылатын іс-шара бірінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін ерекше маңызды екенін айтты. Көшербаев іс-шараларды 2 қыркүйекте өткізу керектігін, бірақ мектептер қаласа, рұқсат алып, 1 қыркүйекте жиын өткізуге болатынын тағы да айтты.

Биыл еліміздің мектептерінде алғашқы қоңырау қай күні соғылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.