jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматының тау бөктеріндегі ірі құрылыс алаңы сүріліп жатыр

Алматыдағы тау бөктерінде орналасқан нысан
Алматыдағы тау бөктерінде орналасқан нысан. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы "Жаңару" 556 ӨК-де блокты тұрғын үйлер бұзылады. Бұл туралы Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үй құрылысы басталғанға дейін меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты тау етегін кесіп, тірек қабырғасын заңсыз салғаны үшін нұсқама берілген еді. Кейіннен мәжбүрлеп орындау туралы талап-арызбен әкімшілік шара қолданылды.

Кейін қолдағы рұқсат құжаттарына сәйкес меншік иесі бау-бақша үйлерін салуға кірісіп, екі блокты тұрғын үй салған. Құрылыс аяқталған соң меншік иесі нысанды бау-бақша үйі ретінде өз бетімен пайдалануға берген, бірақ бұл келісілген эскиздік жобаға сәйкес келмеген.

Басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданып, 2024 жылы 16 мамырда Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына бастапқы құжаттарды жою және нысандарды бұзу туралы талап арыз берген.

Сот істері аяқталғаннан кейін 2025 жылы 20 мамырда меншік иесінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмай, бұзу туралы шешім заңды күшіне енді. Нысанды бұзу бүгін Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Алматының тау бөктеріндегі ірі құрылыс алаңы сүріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.