jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда көшелердің бірі жаздың соңына дейін жабық болады

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: MATTHIEU DELATY/Hans Lucas/AFP via Getty Images

Алматыда Райымбек батыр даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты 26 шілдеден бастап, жаздың соңына дейін жабылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

AlmatyJoly Telegram арнасы Алматыда Райымбек батыр даңғылының бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылатынын хабарлады.

Райымбек батыр даңғылы бойындағы BRT жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

"26 шілде күні сағат 08:00-ден бастап 30 тамыз күні сағат 22:00-ге дейін Пушкин көшесінен шығыс бағыттағы Есенов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақта орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жол сызбасы
Жол сызбасы: t.me/AlmatyJoly

Алматыда көшелердің бірі жаздың соңына дейін жабық болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.