jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда радардан жоғалған әскери тікұшақ: әуе кемесіне тиесілі болуы мүмкін фрагменттер табылды

Фрагмент табылған орын
Фрагмент табылған орын. Фото: ТЖМ

Құтқарушылар Алматы облысында радардан жоғалған әскери тікұшаққа тиесілі болуы мүмкін фрагменттерді тапты, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі Отар елді мекені аумағында байланыс үзілген Қазақстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағына қатысты оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жалғастырып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығында жүргізілген ғарыштық мониторинг барысында Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің акваториясында майлы дақтың болуы мүмкін екендігі анықталды.

ТЖМ құтқарушылар тобы шұғыл түрде аталған аймаққа шықты. Іздеу жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты. Жұмыс барысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі болуы мүмкін әуе кемесінің фрагменттері табылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Арнайы жабдықтар пайдаланылуда: эхолоттар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және суасты дрондары.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 200-ге жуық адам, 40 бірлік техника, 15 су көлігі, 4 кинологиялық есептоп және 2 ТЖМ әуе кемесі тартылған.

Қазақстанда радардан жоғалған әскери тікұшақ: әуе кемесіне тиесілі болуы мүмкін фрагменттер табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.