jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қатты жаңбыр, бұршақ пен найзағай: Қазақстан өңірлерінде дауыл тұратыны ескертілді

Қатты жел
Қатты жел. Көрнекі сурет: Chalabala/Getty Images

Синоптиктер 29 шілдеде Қазақстанның бірқатар аймағында дауыл тұратынын ескертті — өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ертең Ақмола облысында қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, көктайғақ пен дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20, кейде 23-28 метрге дейін жетеді.

29 шілдеде Алматы облысының таулы аудандарында ара-тұра найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың таулы аудандарында секундына 18-23 метрге жетеді. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда да найзағай ойнайды.

Ал Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Түнде облыстың орталығында, күндіз орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде дауыл тұрады. Түнде облыс орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

29 шілдеде Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші шығыста, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге, Алакөл көлдері аймағында 23-28 метрге жетеді. Күндіз 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

29 шілдеде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с-қа жетеді. Аймақта өте жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ал Ақтөбе облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

29 шілдеде күндіз синоптиктер болжамынша, Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында ара-тұра қатты жаңбыр жауады. Түнде найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, батыста, оңтүстікте және шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталады.

29 шілдеде Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында да ауа райы Түркістан облысындағыдай болмақ.

29 шілдеде Ақмола облысында қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-қа, кейде 23-28 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды. Күндіз дауыл тұрып, бұршақ жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында да найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстікте, батыста, облыс орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қатты жаңбыр, бұршақ пен найзағай: Қазақстан өңірлерінде дауыл тұратыны ескертілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.