jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматы облысында жоғалған тікұшақты іздеуге тағы бес әскери бөлім жұмылдырылды

Іздеу жұмыстары
Іздеу жұмыстары. Фото: t.me/modgovkz

Сорбұлақ су қоймасы аймағында жоғалған әскери тікұшақ әлі де іздестіріліп жатыр — тағы бес әскери бөлімнің күштері мен құралдары жұмылдырылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Іздеудің тиімділігін арттыру мақсатында жағалаудың оңтүстік бөлігін жердегі және судағы топтар қосымша іздеді. Аймақты жан-жақты қарау үшін су айлағы шартты түрде секторларға бөлінген. Суға 13 бірлік жүзу құралы жұмылдырылып, түбін тексеруге арнайы техникалық құралдар пайдаланылуда.

Күні бойы операция жүргізілетін ауданға басқа өңірлерден қосымша күш-құралдар жеткізілді. Оның ішінде Қонаев қаласынан – іздеу бөлімшесі, оған қоса Ақтау қаласынан – А-400 әскери-көлік ұшағымен жеткізілген жеке құрам мен техника да бар. Құрамында су айдынының жету қиын учаскелерін зерттеуге арналған сүңгуірлік жабдықтар, эхолоттар, катер мен қайық та бар", - делінген министрлік хабарламасында.

Операцияларға қосымша бес әскери бөлімнің күш-құралдары тартылған. Жұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр.

Іздеу шаралары барысында тікұшақтың қалдықтары табылды. Оларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

"Операция күрделі гидрография жағдайында өтуде. Соған қарамастан, барлық жұмылған бөлімше жүктелген міндеттерді барынша дәл және үйлесімді орындауды жалғастыруда.

Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп іздеуді аяқтау үшін барлық мүмкін шараланы қолданып жатыр. Қосымша ақпарат жаңа деректердің түсуіне қарай мәлімденетін болады", - деп қосты министрлік өкілдері.

Еске салсақ, оқиға 25 шілдеде болған. Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД күштері және құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағында болған адамдардың орнын анықтау мақсатында Сорбұлақ су қоймасы ауданында ауқымды іздестіру-құтқару операциясы тәулік бойы және күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр", - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Алматы облысында жоғалған тікұшақты іздеуге тағы бес әскери бөлім жұмылдырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.