jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті кезінде арнайы автобустар қатынайды

Дженнифер Лопестің концерті
Дженнифер Лопестің концерті. Мұрағаттағы фото: Gotham/WireImage via Getty Images

Астанада 1 тамызда әйгілі америкалық әнші, актриса Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Осы күні концерт өтетін жерге арнайы автобустар қатынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтарының концерт өтетін орынға ыңғайлы жетуі үшін және көлік кептелісін азайту мақсатында шаттл-маршруттар ұйымдастырылады.

Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, жолаушыларды қаланың бес нүктесінен "Астана Арена" стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып кетеді.

Концертке келушілер арнайы автобустарға мына автотұрақтардан отыра алады:

  • Астаналық цирк автотұрағы;
  • "Әзірет Сұлтан" мешітінің автотұрағы;
  • QAZAQSTAN спорт кешенінің автотұрағы;
  • Орталық саябақ (Тұран даңғылы жағынан) автотұрағы;
  • "Бас мешіт автотұрағы.

"Кептеліс пен автотұрақтағы қиындықтардың алдын алу үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен, таксимен немесе арнайы шатлл-автобустарымен қатынағаны жөн", - деп ескертті әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін ұйымдастырушылар Дженнифер Лопестің концертіне ертерек келуді өтінген еді.

Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті кезінде арнайы автобустар қатынайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.