"Бұршақ, қатты жаңбыр, аптап ыстық": тамыздың алғашқы күні елімізде ауа райы қандай болады
Опубликовано:
Ертең, 1 тамызда еліміздің бірнеше бөлігінде қатты жаңбыр жауып дауыл тұрады. Ал кей өңірде аптап ыстық пен өрт қаупі әлі де сақталады, деп ескертті "Қазгидромет РМК".
Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз орталығында, шығысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 1 тамызда кей уақыттарда найзағай, бұршақ, түнде дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 1 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 1 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі
Батыс Қазақстан облысының батысында, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 1 тамызда найзағай күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзайғай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзайғай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 1 тамызда күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 01 тамызда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астанада найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2271057-burshaq-qatty-zhangbyr-aptap-ystyq-tamyzdyng-algashqy-kuni-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/